Жүрегіне жүрегі алау жағып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүрегіне жүрегі алау жағып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Жүрегіне жүрегі алау жағып,
Қабағына қайратын алар жанып.
Қасиетті асқар-шың, әйел жаны,
Қарға құзғын қона алмас оған барып.
Әйел жаны армандай жыр-ән болар,
Адастырып жолыңды тұманға орар.
Құштарлықпен жетсе егер талмай ұшып,
Биіктерге тек қана қыран қонар.
«Қанаттыға» алдансаң кім айыпты,
Кім жаныңды кінәсіз шынайы ұқты.
Қарқылдаған жапалақ қарғаға емес,
Асқар-шыңға қыран құс лайықты.
Кеудесі шың, әйелдер шынар мүсін,
Тәлкегіне тағдырдың шыдармысың?
Қартаяды шыңдар да, күтуменен
Ұя салар, басына қыран құсын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегіне жүрегі алау жағып өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жүрегіне жүрегі алау жағып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегіне жүрегі алау жағып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегіне жүрегі алау жағып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері