Ұрпақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ұрпақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Бір ұлыңның болғаны –
Шығар-шықпас жаның.
Екі ұлыңның болғаны –
Жарқыраған шамың.
Үш ұлыңның болғаны –
Басыңдағы бағың.
Төрт ұлыңның болғаны –
Астыңдағы тағың.
Бес ұлыңның болғаны –
Асқар Алатауың.
Алты ұлыңның болғаны –
Баурайдағы бауың.
Ханым емей немене,
Соны тапқан жарың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұрпақ өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ұрпақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұрпақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұрпақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері