Саған қолым жетпесiн көктегi айдай – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Саған қолым жетпесiн көктегi айдай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 694
Саған қолым жетпесiн көктегi айдай,
Iшiңе енiп кетпейiн көк тоғайдай.
Алты қырдың астынан үн қатсам да
Алған беттен қайырылып,
тоқтамай ғой.
Саған қолым жетпесiн тəттi армандай,
Əбдiренi болмайын ақтарғандай...
Амалымнан таусылып, абыржиын
Қамалына қытайдың тап болғандай.
Саған қолым жетпесiн созғаныммен,
Борсықтайын болмайын бозға кiрген.
Өзеуремей қоя түр елден ерек,
Өлең жаза бастасам өз халiмнен.
Саған қолым жетпесiн ұмтылғанмен,
Кiлтiңдi алып, ашпайын құлпыңды əлден...
Жай-күйiме қарама жаның ашып,
Жанарыма жаутаңкөз мұң тұнғанмен.
Саған қолым жетпесiн...
Жеткен күнi –
Құшағымда қурайды көктем гүлi.
Өмiрiңнiң бiлтесi өшiп-жанар,
Көңiлiңнiң мұнартып көк теңбiлi.
Саған қолым жетпесiн бұл жалғанда,
Шығып кеткен жандай бол тым заңғарға.
Шыбын жаным үстiңе үйiрiлiп,
Шырыныңды сорайын... бүр жарғанда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған қолым жетпесiн көктегi айдай өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Саған қолым жетпесiн көктегi айдай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған қолым жетпесiн көктегi айдай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған қолым жетпесiн көктегi айдай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері