Өткен өтті – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өткен өтті» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1159
Өткен өтті,
Кеткен кетті қайрылмай,
Қамықпай да,
Қапаланбай,
Қайғырмай.
Еншің де емес,
Емшің де емес ол сенің
Етегінен жармасатын айрылмай.
Есіңді жи,
Есікті ашқан жас қонақ
Кешегіден батылырақ, басқарақ.
Сол ашады көңіліңнің шырайын,
Сол басады араныңды ашқарақ.
Өткен күнді –
Кім кешірер, ұмытсаң?
Ол – мұрағат,
Мұрағатқа құлып сал.
Əр жаңа күн – түн толғағы, таң ұлы,
Ол – Қыдырың,
Ол – ғұмырың, шын ұқсаң!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері