Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен,
Толқындай ырғағыңмен табысар ем.
Қалқысын көңіл аппақ шағаладай,
Ашылып қарсы алдымнан алыс әлем.
Есіме салшы соны, тылсым уақыт,
Жанымды жай таптырар сусындатып.
Кеудемнен кіші-гірім күн шығарып,
Көзімнен шуақ төгіп, күлсін бақыт.
Тербетіп толқын сазбен жер кемесін,
Биігім, биіктердің көр төбесін.
Өмірге бір-ақ рет мен еркелеп,
Бір рет өмір маған еркелесін.
Сүйіктім, сол әнді айтып келші маған,
Мұң болсаң, қуаныштай еншіме алам.
Көз жасым жүрегімнің, жапырағынан
Мөп-мөлдір таңғы шықтай тамшылаған.
Сен неге естілмейсің, сұлу әуен,
Сәулелі сырыңа бір жылынар ем.
Ішімнен қайталап сан қосар едім,
Көңілдің ұйтқып ескен жырына мен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалай ең, ұмыттым ба, таныс әуен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері