Жұлдыздай қара түнді жарып жансам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жұлдыздай қара түнді жарып жансам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 783
Жұлдыздай қара түнді жарып жансам,
Ақылдың қуатымен қарулансам.
Тізеңе отырғызып сүйгеніңде,
Дертіне жүрегіңнің дару болсам.
Қалайша ғашық жырын мен жазбайын,
Жаныма жалын қосып кел, маздайын.
Тұрасың қабағыңмен қаймықтырып,
Қатулы қол бастаған сарбаздайын.
Жолдарым жолдарыңа түйіседі,
Секілді үндескен қос күй ішегі.
Сәулесін төгіп түнде бір-біріне,
Жұлдыздар соғыспайды, сүйіседі...
Қалсын бір сұлулыққа сусын қанып,
Қиялым көк қойнына кірсін барып.
Сәулесін құя түсіп маған қарай,
Жұлдызың ұзағырақ тұрсын жанып.
Қарасын аққу мойнын бұрып айым,
Айдың ақ сәулесіне жуынайын.
Байқаусыз бейуақытта түсіп кеткен
Көзіңнің шуағына жылынайын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыздай қара түнді жарып жансам өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыздай қара түнді жарып жансам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыздай қара түнді жарып жансам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыздай қара түнді жарып жансам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері