Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 878
Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт,
Суретіңді көз алдыма келші алып.
Жан бағына құстарыңмен шулап кел,
Қарсы алайын қайталанбас ән салып.
Бұлақ болып шың басынан құлап кел,
Жағадағы ойнап бала құрақпен.
Сағым болсаң көшіп жүрген қыратпен,
Қуайын мен қиял деген құр атпен.
Қызғалдақ боп келші бояп жер төсін,
Қыз жүрегін от махаббат өртесін.
Бірінші рет бұла таңмен бусанып,
Ақ бұлтыңды аймаласын ерке шың.
Жігіт болып қиялдағы күліп кел,
Қарсы алайын балауса көк үмітпен.
Ақ шабақ боп толқындармен ойнаған,
Көкірегімде жатса егер тұнып көл.
Көктем, көктем, өлең болып кел, төгіл,
Өмір болып құралайын ен-тегін.
Нөсеріңді дәл төбемнен төкші бір,
Нөпір күймен кеудемді өзің өртедің.
Қызғалдағың қырда тұңғыш жанғанда,
Тіл қатайын, шыңға биік, арманға.
Кел тезірек сұлулықтың өзі боп,
Сан сәулеңді сүйгіз сонау бар маңға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері