Қоштасып, солай сен кеттің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қоштасып, солай сен кеттің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Қоштасып, солай сен кеттің,
Өмірдің сырын кім білген.
Сезіммен бесік тербеттім,
Толқынын кешіп Сырдың мен.
Бақыт деп, әлде сор таптым,
Жайғандай қиял құс кілем.
Алатауға жол тарттым,
Ақша бұлттардың үстімен.
Сыйлапсың маған арман, мұң,
Есімде қалды ерке күн.
Желпілдетіп сен қалдың,
Сағыныштың желкенін...
Көзіңмен көктеп, гүлдеппін,
Кездескен кербез көктемім.
Бір шоқтың сонда білмеппін,
Ішіме түсіп кеткенін...
Сыр суы қайда, шөлдедім,
Көзімнен керуен көшті аспан.
Көктемім бе едің, сен менің,
Кешігіп келіп қоштасқан.
Өзіңсіз қайдан жай табам,
Көремін нені тағдырдан.
Қоштасып едім, қайтадан –
Ән болып шықтың алдымнан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштасып, солай сен кеттің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Қоштасып, солай сен кеттің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштасып, солай сен кеттің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштасып, солай сен кеттің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері