Комиссар туралы жыр – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Комиссар туралы жыр» атты Сырбай Мәуленов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1919
Штабтан қайттық қыс күні,
Борайды боран далада.
Борайды қардың ұшқыны
Жұлдыздай қонып жағаға.
Қалмайды боран ілесіп,
Барады лебі бойды алып.
Жылыну үшін күресіп,
Лактырып қарды ойнадық.
Қалғандай соғыс жайына,
Келеміз оны сезінбей.
Жоқ енді бізде айырма
Секілді ол да өзімдей.
–Аласың хатты сен қанша?
Салады хатты неше қыз?
–Келіншектер болмаса
Жарлы еді қызға көшеміз...
Қуланып қатал бұйырып,
–Айт, – дейді, – бәрін жасырмай! Күледі қайта жымиып,
Бар еді жаны осындай.
Шіркін, біздің комиссар
Александр Любимов.
Ағамыздай болды дәл
Соның үшін сүйді жұрт.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Комиссар туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Комиссар туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Комиссар туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Комиссар туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері