Періште қыз

Бұл бетте «Періште қыз» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2687
Періште қыз тербетші түсімдегі.
Көп жандар мені сендей түсінбеді.
Оянып кете берем, кінәләма,
Сені қимай жүргенім үшін мені.
Қайтемін, қымсынып бір, ақталып та.
Көрген түс көкейімде сақталып па?!
Хор қызы өзің, ақ бұлттан жасап алған,
Жымиясың оранып ақ мамыққа.
Сені талай ақының жыр етеді.
Кұшып жатып түсінде түнетеді.
Арман ару өзіңді аңсауменен,
Жылдар жылжып,
Ай жылжып,
Күн өтеді.
Өлеңімді сәбидей құндақты еткен,
Арнап тұрып өзіңе жырлап кеткем.
Сол періште ақ бұлтқа орап алып,
Сезімімді өзімен ұрлап кеткен.
Айтпасымды айттырдың, айтар жайды.
Сезбеймін деп жүрек те айта алмайды.
Өзіменен меншіктеп алып кеткен,
Сол сезімді,
Сол ару қайтармайды.
Жоғалғандай ғайып боп, кеше кетіп.
Аһ ұрғызып, қайғымды еселетіп.
Сүйе алмай жүргенім сол көп аруды,
Сол періште кеткен соң мешел етіп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Періште қыз өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Періште қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Періште қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Періште қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері