Бұлттар – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Бұлттар» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 763
(экспромт)
Бұлттар ауып барады қаңбақтардай,
Немесе атам қуған қалмақтардай.
Ағыл-тегіл көз жасын көрсетпеуге,
Тас төбемнен әрі аунап аулақ барғай.
Бұлттар ұшып барады күндерімдей,
Зырылдаған, зулаған дүрмегімдей.
Немесе Ескендірдің көп қосынын
Жайпаған үнділердің пілдеріндей.
Бұлттар көшті төбемнен — сең көшкендей,
Немесе жаз жайлаудан ел көшкендей.
Бұла жүрек бұлқынад бір көшті аңсап,
Тоқтатамын, тыямын мен дес бермей.
Бұлттар, бұлттар... бұйдасын шұбыртады,
Бізді жерге байлаған ғұмыр қамы.
Көктем-күзде беймәлім көшті аңсағыш,
Көшпелінің мен едім бір ұрпағы.
Бұлттар, бұлттар, бұйратың сүйікті тым,
(Аспан сүйген асқақтау биік бітім).
Керуеніңе мен қосқан боз тайлақ деп,
Ошағымнан ұшырдым сұйық түтін.
Бұлттар, бұлттар...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлттар өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Бұлттар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлттар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлттар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері