Қыздар туралы – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Қыздар туралы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2015
  • 0
  • 3
  • 22626
Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,
Өңі кетіп шырайы сары болар.
Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,
Әр уақытта біреудің жары болар.
Қыз он беске келгенде мау тартады,
Ата менен енеге жау тартады.
Екі көзі, ел көшсе, төңіректе,
Шарасыздың күніне жүк артады.
Қыз он беске келгенде талма мойын,
Он алтыға қыздардың қылса тойын
Он алтыдан асқасын болмайды ойын.
Қыз он беске жеткенде кесте алады,
Жаман менен жақсыны еске алады.
Жиырмаға жеткенде тәйке деген,
Аюша жиған майын төске алады.
Қорқақ емей немене қашқан кісі,
Батыр емей немене шанышқан кісі.
Мың жылқылы байларың несі кейін,
Оразасын үйінен ашқан кісі?
Қонбай тастап кетерме арды кісі?
Ашулансақ кееді жарлы кісі.
Ашуланса қолынан түк келмейді,
Орайына келтірер малды кісі.


Пікірлер (3)

жаңылдық

сіздерге көп рақмет сіздердің жазған өлеңдеріңізді жаттап соларды айтып көп бал жинап жеңіске жетіп рекорт жасадым

ЖАНАЙЫМ

керемет олен екен

Перизат

«Қыздар туралы» — қазақ поэзиясындағы нәзік әрі маңызды тақырыпты көркем тілмен ашқан терең туынды. Бұл шығармада қыз баланың өмірдегі орны, оның мінезі, жүрек түкпіріндегі сезімдері мен арман‑ұмтылыстары шебер бейнеленген.

Өлеңде қыздардың әдемілігі, ұстамдылығы, жүректілігі мен болашаққа деген үміті нәзік поэтикалық суреттер арқылы жеткізіледі. Онда қыздың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы мен жан дүниесінің байлығы жан‑жақты сипатталады — бұл оқырманға терең ой мен сезім сыйлайды.

Сонымен қатар бұл өлең — жастарға, әсіресе қыздарға мотивация беретін поэзия: ол өзіне сеніп, арманын орындауға ұмтылатын жігерлі тұлғалар туралы сырлы лирикалық әңгіме дерсің.

Жалпы, «Қыздар туралы» өлеңі — қазақ поэзиясының нәзік сезім мен шынайы сөз арқылы адам жанын терең түсіндіретін сырлы да әсерлі шығармасы.

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыздар туралы өлеңінің авторы кім?

Шал Құлекеұлы — осы өлеңнің авторы.

Қыздар туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыздар туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шал Құлекеұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыздар туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері