Баласын құтқарған әйел туралы

Бұл бетте «Баласын құтқарған әйел туралы» атты Темірхан Медетбек жазған әйел туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 639
Аңыз

Ерте, ерте, ертеде
Қойының үстiне
Бозторғай жұмыртқалап,
Итiнiң басына
Iркiт төгiлген
Байтақ өлкеме –
Соңынан
Қып-қызыл өрт ерткен,
Демiмен
Дүниенi дерттi еткен
Жауыздар тап бердi.
Жасылымды құртты,
Асылымды жұтты.
Күйреген қала қалды
Бүлiнген дала қалды...
Бiр тайпа елден
Бiр әйел мен
Бiр ғана бала қалды.
Әйел тектi едi.
Қаны қатқан кектi едi.
Баласын атқа мiнгiзiп
Алып қашты.
Қаптаған жауды
Қылыштай тiлiп
Жарып қашты.
Қалың жау соңына түстi.
Әйел тектi едi
Қанына қатқан кектi едi.
Аспан түнерiп
Найзағай шатырлады.
Жау жақындады.
Ажал боп алқымдады.
Әйел тарағын лақтырды.
Тарақ түскен жерге
Ну орман өсiп шықты, –
Бәйтеректер мен емендер
Көздi ашып-жұмғанша
Қара жердi тесiп шықты...
Дұшпан бiткен
Орманда адасып кеттi.
Бiр-бiрiнен көз жазып
Жан-жаққа тарасып кеттi...
Орманнан шығып.
Тағы да қуды.
Әйел тектi едi.
Қанына қатқан кектi едi.
Семсердей жарқылдап,
Қылыштай қайралды.
Ол ендi айнасын лақтырды.
Айна түскен жер
Өзенге айналды.
Жау бiрақ одан да өттi.
Дүние қабарып
Тiршiлiк түнерiп кеттi.
Ол ендi қанжар лақтырды.
Қанжар түскен жер
Ақар-шақар тауға айналды.
Жау таудан өте алмады.
Әйелге жете алмады.
Дүние жел боп естi.
Замана бұлт боп көштi...
Сол баладан
Бiр дүйiм ел өстi.
Ол бiздер едiк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баласын құтқарған әйел туралы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Баласын құтқарған әйел туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баласын құтқарған әйел туралы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма әйел туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Баласын құтқарған әйел туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері