Өлең, жыр, ақындар

Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң

Өр тұлғалы, өжет мінез, ер қайсар,
Жыр таусылмас өзің жайлы біз айтар.
Батырлыққа толы әрбір ісіңді,
Үлгі етеді, бүгінгі ұрпақ, біз жастар.

Әрқашанда әділдікті жақтаған,
Алаяқ пен сұмдарды ол даттаған.
Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтанға,
Қарсы тұрып, мадақтау жыр айтпаған.

Рухшыл ағам әрбір ісің өнеге,
Елін, жерін қастерлейтін ерлерге.
Ереуіл атқа ер салған сен ер едің,
Қан мен жаның садаға болды еліңе.

Халқының мұңын қосқан өлеңге,
Мамыражай болса екен жерімде.
Шөбі шүйгін қазақ жерін қастерлеп,
Арманы еді ел қондыру Еділге.

Орындалды арман, жеттік тәуелсіздікке,
Көтерілді көк туым қазір көкке.
Махамбет салған дара жол таңдауымыз,
Жетелейді, жігер сыйлап бізді ерлікке.

Елім үшін аянбаймын жан құрбан,
Ізбен келем өзің ойып жол салған.
Мың қазаққа бас болған дана бабам,
Жүрегімнен өшпес мәңгі өр тұлғаң.





Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - дегенді де басып жіберсеңіз (жазудың үстіне басу керек).
Қаламды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Ұрпаққа жігер берер батыр рухы

  • 0
  • 1

Туған өлкем – тартымдысың, ыстықсың,
Тал бесіктен жүрегімді толқыттың.
Қасиетін ұлықтайтын кез келді,
Сайың менен қасиетті әр тасын.

Толық

Қарап көріңіз