Бақыт деген – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Бақыт деген» атты Гүлмекен Қасенбай жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Бақыт жайлы таусылмайды әңгіме,
Бақыт жайлы толастамас талас еш.
Біреу — "бақыт ішкі үйлесім,​ сезім"- дер,
Біреу үшін бақыт деген тәтті елес!

Біреулерге бақыт деген сүйген жар
Біреулерге ұл менен қыз, бауырлар.
Ал біреуге ата-ананың саулығы,
Мүгедекке бақыт деген мүше әр.

Біреулерге бақыт деген бостандық
Біреулерге бақыт — ақша,​ һәм байлық.
Біреу үшін — тірі жүру жер басып,
Туған жердің топырағынан нәр алып.

Мұсылманға нағыз бақыт сәждеде,
Тәтті дәмін құлшылықтың сезуде.
Жаратқанды танып-біліп,​ зікірлеу —
Дайын жүру айтпай келер өлімге!

Ал мен үшін бақыт әрбір нәрседе,
Шүкір ету аман өткен әр күнге.
Көмек беру, күлімсіреу, пәк жүру,
Зияныңды тигізбестен ешкімге!

09.05.2022


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт деген өлеңінің авторы кім?

Гүлмекен Қасенбай — осы өлеңнің авторы.

Бақыт деген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт деген өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт деген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар