Тасып кетер арнадан

Бұл бетте «Тасып кетер арнадан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Тасып кетер арнадан,
көктем, саған таң қалам.
Махаббатқа қанбаған,
көктем, саған таң қалам,
Неге сонша асылсың?
неге сонша жасылсың?
Буыны — өлең,
тармағы — ән,
көктем, саған таң қалам.
Бөлiп берер ойы бар
өлеңiме оттегi —
миллиметр бойы бар
қылтияды шөптерiң.
Етек-жеңiн жия амай
бей-жай болып тұр дала.
Арнасына сия алмай
тасып жатыр жылға да!
Қолын бұлғап көшемен
жүр аралап арқайын –
су-су болған нөсерден
плащ киген март айы!
Болады ғой ондайлар,
болады ғой көктемде, —
қонса үстiне торғайлар
телеграф сымға да
жапырақ өсiп кеткендей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тасып кетер арнадан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тасып кетер арнадан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тасып кетер арнадан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тасып кетер арнадан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері