Түн – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түн» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 813
Кемермен ерегiсiп асып-тасқан,
Өз үнiн өз үнiмен басып тастап,
Еңiсте ерке бұлақ дем алады,
Кеудесiн алқам-салқам ашып тастап.
Даланың ұйықтаса да атырабы,
Ентiгi бiр басылмай жатыр әлi.
Тентек жел сол бұлаққа, зорлап талдың
Майысқақ бiр бұтағын батырады.
Қыр жатыр қимылдауға шама келмей,
Самалға ебелек те қалады ермей.
Күлегеш бұлақ қана кәрi талдың
Табанын қытықтайды маза бермей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері