Қауіп

Бұл бетте «Қауіп» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 701
Сөздер айтып тiкенектi, түрпiлi
жинап былай қойдық бiздер күлкiнi.
Жаман болып бара жатыр арамыз
соқтығысып қалармыз-ау бiр күнi.
Сәл бiр сөзге өртенемiз, жанамыз,
сәл бiр сөзге быт-шыт болып қаламыз.
Ала құйын,
ақ тозаңын ұшырып
не боп кеттi,
не боп кеттi арамыз.
Бiлемiн ғой –
сенiң-дағы көп мiнiң,
бiлемiн ғой –
менiң-дағы көп мiнiм.
Соқтығысып қалармыз ба бiр күнi
тау бұзардай менiң-дағы екпiнiм.
Тау бұзардай сенiң-дағы екпiнiң.
Олай деймiз,
былай деймiз,
бүй деймiз!...
Сөзбен келiп қағытамыз, түйреймiз...
Шынымен-ақ соқтығыссақ –
бiлiп қой –
поездардай екеумiз де күйреймiз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қауіп өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қауіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қауіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қауіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері