Мерейтойы ақынның

Бұл бетте «Мерейтойы ақынның» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.01.2022
  • 0
  • 0
  • 820
Мұқағали мұңын шаққан тегін бе?!
«Фаризажан, Фариза қыз...» Елуде!
Сыр бойынан,
Атыраудан,
Алтайдан
Ақ шағала — ақ тілектер келуде!
Қыз намысын жанын салып қорғаштап,
Қысылғанда жүріп кетер жол бастап.
Жыр-пырағын қамшыласа әр ақын
Ел жүрегі өршіл жырға толды асқақ…
Шалағайлар тиіп кетсе шамына,
Екінші рет жолай алмас маңына…
Тамырында Махамбеттің қаны ойнап,
Тастаған ол сан жүйрікті шаңына.
Жырын оқып жадырап бір жасап қап,
Ағалары мақтан еткен шашы аппақ.
«Ұрсады,- деп неге жазбай жүрсің?» - деп,
інілері кейде жүрер қашқақтап.
Үлкендерге жыр сыйлады том-томдап,
Дейміз, отты өлеңдері тартымды-ақ…
Балалардың баспасөзін басқарып,
Балаларға жазады апай там-тұмдап…

Алматы.
Желтоқсан, 1989 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мерейтойы ақынның өлеңінің авторы кім?

Бейсебай Кірісбаев — осы өлеңнің авторы.

Мерейтойы ақынның өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мерейтойы ақынның өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бейсебай Кірісбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мерейтойы ақынның өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері