Қанжар – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Қанжар» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1307
Өткір жүзі тұңғиық сырға батқан,
Батыр қолда қан кешіп кекке шапқан,
Арсыз ажал тәңірісі ақ қанжарды
Тұрды солдат көтеріп жерде жатқан.
Күміс сабын, сағасын саспай қарап,
Екі жүзін қиялай бір сығалап,
Сілтесі жаңылар ма екенсің деп
Маңындағы ағашқа көрді қадап...
Содан кейін солдаттың күшті қол
Сарт еткізіп қынапқа сұқты оны.
Ерлік, ажал ойқастап, көз алдында,
Елестеді қауіпті жорық жолы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанжар өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Қанжар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанжар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанжар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері