Өлім жоқ – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Өлім жоқ» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2183
(Николай Островскийге)

Гүлденіп талант құлпырып,
Сәулеленсе көрмеде,
Талпынып асқар құзына
Ойнақтаса көрмеде,
«Ұланым» деп сүйер жұрт
Сұңқарына теңгере
Жұрт сүйгені өлместік
Атақ болар пендеге,
«Шынықтырып болатты»
Басқан көрік терлене,
Жоғалмастық ол мұра
Тарихтайын көмбеде,
Ол мәңгілік жүректе
Түспе ойыма әр неме...
Бізде өлмейді ардақты ат,
Жоғалады тән - дене.
— Е десе қара жамылып
Қайғырамын мен неге?
«Өлім» деген атақты
Жоймайсың, өмір, сен неге!
Берем бұйрық өлімге
Үзем торлы көгенін,
Бізде қымбат тіршілік
Біздің елде жоқ өлім,
Бізде үнемі қуаныш
Далам гүлді көк өрім,
Бізде өшпейді ардақты ат
Жоғалтпайды бөбегін,
Бізде нұрлы алтын таң.
Тапшы өлімнің себебін?
Бар елімнен естіледі
Островский деген үн,
Оған мәңгі ескерткіш
Менің өткір өлеңім.
Оның атын алтынмен
Айшықтаймын теремін,
Ол өмірлік тірі ұлан
Ол қатарда, сенемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлім жоқ өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Өлім жоқ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлім жоқ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлім жоқ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері