Біздің ауыл – Серік Сағынтай

Бұл бетте «Біздің ауыл» атты Серік Сағынтай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.01.2021
  • 0
  • 0
  • 1117
(Дәуренге)
«Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім...»
Халық әні

Біздің ауыл баурында Жыландының,
Сонда өткен құлын-күн, құнан-күнім.
Бәйге-өмірдің мәресі елде ме екен?!
Білмеймін, күмәндімін...
Біздің ауыл сол таудың еңісінде,
Құлын-тағдыр тізілген желісінде.
Шылбыр үзіп, шұрқырап кеткем кейін,
Күреңбайдай сыншы жоқ ел ішінде.
Біздің ауыл... тар-қапас қала қазір,
Біздік тағдыр — бәйгеге балама жыр.
Менің тәнім — қаланың қуыршағы,
Жаным болса дүбірлі далада жүр.
Біздің ауыл қалды артта құр бұйығып,
Қалаға еніп кетіппін жылжи ығып.
Алынбаған ауылда қамау терден,
Көкірегіме у-зәһар жүр құйылып.
Біздің ауыл астында сағым, қырдың,
Біздік жүрек астында шағым-зілдің.
Қимайы иісін қимастан қу қаланың,
Тайғанақтап кете алмай лағып жүрмін.
Біздің ауыл баурында ед Жыландының,
Мұнарлы мұң сол елде, тұмарлы күн.
Ілби жылжып жетем бе сол еліме?!
Білмеймін, күмәндімін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздің ауыл өлеңінің авторы кім?

Серік Сағынтай — осы өлеңнің авторы.

Біздің ауыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біздің ауыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серік Сағынтай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біздің ауыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері