Құмырсқаның балы

Бұл бетте «Құмырсқаның балы» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

(Кіші атам Қыдырмолланың рухына)

Атам менің шипа таппай бір шыбындай жанына,
Зарығумен көзін жұмды құмырсқаның балына.
Зәру дәрі жатады екен жеті қат жер астында,
Тамшысына татымайтын Қарынбайдың малы да.
Естіген соң есте қалған бұл сөзіме ел сенер,
Қысылғанда жанның құны қолда жоқпен өлшенер.
Құмырсқаның балын тауып берер ме еді кім білсін,
Жерден шыққан Желім батыр мәңгі тірі болса егер?!
Өзгермейтін, көз көрмейтін тіршіліктің тұғырын,
Ажал-дию талқандайды толтырмасаң жұмырын.
Қалың малы Қарынбайдың Атымтайға бітсе де,
Шылбыр бойы ұзарта алмас шолақ жіптей ғұмырын.
Тепкілесе үзілмейтін темір өзек жан қайда,
Гүл-бәйшешек құлпырғанда жауқазын да солмай ма?
Шаба бермей көк шолақты сабалаумен борбайға,
Ей, бейшара, елмен бірге өлеріңді сен де ойла!
Құмырсқаның балын тапсаң кереметтің күшімен,
Алдыңда зыр жүгірейін бақайымның ұшымен.
Сетінеген өміріме сеп болатын түрі жоқ,
Жаралғалы жасыл көлдің кәусарынан ішіп ем.
Маған жаның ашымасын шөліркеген аңызға,
Иесіне қайтарармын алғанымды қарызға.
Сұлық жатқан дүниені шамаң келсе тік тұрғыз,
Таңдайына құмырсқаның балынан бір тамыз да!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмырсқаның балы өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Құмырсқаның балы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмырсқаның балы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмырсқаның балы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері