Бірақ сонда махаббатым – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Бірақ сонда махаббатым» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3787
Кім сүртіп ед тамшы қанды,
Жаны ауырып өзіммен.
Елжіреп кім жасы тамды,
Қарақаттай көзінен.
Кім арқалап алып шыққан,
Қалың өлік ішінен.
Білмеймін мен әлдекімді,
Есіме тек түсірем.
Білмеймін мен оның атын,
Таныс емес жүзі де.
Бірақ сонда махаббатым,
Өмірімнің өзі де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бірақ сонда махаббатым өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бірақ сонда махаббатым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бірақ сонда махаббатым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бірақ сонда махаббатым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері