Жағынбадым әкіміңе, әмірге – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жағынбадым әкіміңе, әмірге» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Жағынбадым әкіміңе, әмірге,
жалбарына жалынбадым тәңірге,
намысымды берген жоқпын қолымнан.
көнген жоқпын қиянатқа, жәбірге.
Бала жастан алдым солай бекініп,
маған да ешкім көрген емес зекіріп,
ала жібін аттамадым ешкімнің,
аллаңды да мақтамадым өтірік.
Әдетің бе ұлық емес елге ұрсу,
сен де менен күтпей-ақ қой көлгірсу,
таза болса — таза шығар көңілің,
ал біздікі — ағынды су, мөлдір су!
Ат та емеспін тұра қалар жем берсе,
жақсыларға жат та емеспін — тең көрсе,
біле алмаспын тірліктің де көп сырын,
бірақ өмір сүре алмаспын сендерше!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағынбадым әкіміңе, әмірге өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жағынбадым әкіміңе, әмірге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағынбадым әкіміңе, әмірге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағынбадым әкіміңе, әмірге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері