Көктем келді

Бұл бетте «Көктем келді» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 2184
Көктем келді,
Жер – кілем, көк те кілем,
Із де жоқ аласапыран өткенінен.
Тұңғышымды далаға шығарайын,
Жүздестіріп алғашқы көктемімен...
Ауасымен тұп-тұнық тыныстасын,
Бәйшешектен қолына гүл ұстасын.
Бір уыс дән аулаға септірейін,
Алсыншы деп осыдан ырыс басын...
Отыруға енді үйде шыдамаймын
Тұңғышымды далаға шығарайын.
Көрімдік бер алғашқы көктеміне,
Біздің жаққа мойныңды бұр, ағайын.
Осындай шуақты боп өмірі де,
Жаз орнасын мәңгілік көңіліне.
Сәби шағын дүниенің көрсін деп ем
Енді келді сонымның жөні, міне...
Кешікпейік,
Уақыттан кейін келіп,
Жағасында теңіздің сейілделік.
Күн-ана құшағын кең жайған шақта,
Жер-ана тұрған шақта мейірленіп...
Жүр, күнім,
Шығарайын далаға бір,
Сепкен шақта дүние далаға нұр.
Шағалалар шаңқылдап ұшқан кезде,
Толқынның қызығына қара да тұр...
Сұлулық жоқ бұл маңда оларға тең,
Кеудеңе содан шаттық қонар ма екен.
Көңілің көкжиектей көзді тарап,
Теңіздей,
Жаның шалқар болар ма екен...
Жүр, күнім,
Апарайын жағаға бір,
Сепкен шақта дүние далаға нұр.
Өмір күйін толғаған туған жердің,
Көктемгі,
Шат кейпіне қара да тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем келді өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Көктем келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем келді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктем келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері