Түн ішінде жыладың – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Түн ішінде жыладың» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1155
Түн ішінде жыладың,
Ұйқыңды ашып,
Әншейінгі сүйкімді күлкің қашып.
Сен туралы лепірген қуанышты,
Кеткендей болды осы бір күн басып.
Мазам кетті,
Жайыңды түсіне алмай,
Сусыныңды айтшы енді,
Айтшы енді, ұсынам қай...
Құртақандай сәбидің хал-жағдайын,
Қиын екен ұқпаса кісі дардай...
Ақ бесікке жыла деп бөлеп пе едім,
Сен осындай жылауық бөбек пе едің...
Сенімен бірге мен де көзді шылап,
Жаныңда таң атқанша өбектедім...
Көрмеп едің қиналып әлі бұлай,
Ауырды ма бір жерің,
Жарығым-ай....
Қорқамын мен...
Қорқамын, зәрем кетіп,
Болмаса да осылай халің ұдай...
Дейді ғой. «Ана мықты...
«Ана мықты...»
Айтайын , мен саған бір, жаңалықты.
Мамаңның сеніменен бір теңселген,
Бір түнде бір тал шашы ағарыпты...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері