Өлең, жыр, ақындар

Текестегі ат ізі

  • admin
  • 01.09.2024
  • 0
  • 0
  • 395
Қаракерей Қабанбай мінген «Қубасты»,
Көргендер талай таңырқап қарап шуласты.
Ай жарым суыт жүргенде жетер бабына,
«Қубастай» тұлпар қазақта қайтып тумасты.
Тайбурылға да теңер едім «Қубасты»,
Жануар-ай бірде қатар, бірде асты.
Қырық қап жүкті теңдеген Текес тауында,
Таңбалап кетті қатпары қалың сұр тасты.

Қайырмасы:
Жарқырап жігер кайнатқан,
Арқырап қаһар сайлатқан.
Шұрқырап орғып кісінеп,
Дұшпанның басын айналтқан.
Қабанбай мінген Қубасты,
Көрген жау шошып шуласты.
Шапқанда жайып қанатын,
Қос жанар оттай жанатын.
Алдына келген аттыны
Кеудемен доптай қағатын.

Ер Қабанбай келгенде жетпіс сегізге,
Дүлдүлі «Қубас» жетіпті отыз сегізге.
Тастақта тозбас, мұздақта таймас төрт тұяқ,
Ескек те болды түскенде өзен, теңізге.
Ел өткендей екі аяқтың арасы,
Тастағы ізден тұлпардың тұрқын қарашы.
Аманат жазған қағаз бен қалам секілді,
Тұяқ пен тастың бар екен асыл санасы.

Қайырмасы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір кездестім

  • 0
  • 0

Бір кездестім
Кездесуді Ай мен Жұлдыз қолдайды,
Құтты күнде кездестірді жол жайлы,
Кәкімбек Салықов

Толық

Қызылжар ескерткіш орнатты

  • 0
  • 0

Нар тұлға, еңсегей ер еді,
Металлург лауреат атанған.
Мейірбан мінезі кең еді,
Ерекше көрінген қатардан.

Толық

Юра Айтжановқа

  • 0
  • 0

Юра Айтжановқа - Кәкімбек Салықов
Әнге ораған өзі көрген дәуірін,
Әкетті ажал інімнің бір тәуірін.
Кербез, биік Оқжетпеске ұқсаған,

Толық

Қарап көріңіз