Тау соқпақтары

Бұл бетте «Тау соқпақтары» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 679
Жай оғын тағы атпақ боп
Бұлтты сойып, жарғанда
найзағай бiткен соқпақ боп
жондарға түсiп қалған ба......
Жармасып құзға,
жағалап,
шыңыраулы қия беттермен,
тау iшiн түгел аралап,
шатырлап тарап кеткендей.
Лақтырған жiптей шұбалып
биiктiктерден құлдилап,
сан тарау болып бұралып
жарқырап жатыр ылдида.
Көмкерiп шөппен қапталын
қалыңдар оны жұтады...
Мен үшiн таудың соқпағы –
найзағайлардың бұтағы.
Тауға бар!–
қалсаң жұтап бiр
жүрекке қаяу түстi деп,–
жүресiң иiр бұтақты
найзағайлардың үстiмен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау соқпақтары өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Тау соқпақтары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау соқпақтары өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау соқпақтары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері