Бұл бетте ««Жамбы ату»» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұған куә сан аңыз,
Қанды қырғын кешегі.
Адуынды бабамыз
Мерген болған деседі.
Қорғамақ боп әскерді ен,
Талай сойқан бүліктен.
Нысанаға хас мерген
Бірінші өзі іліккен.
Ілген тиын – теңгең бе,
Жарау атпен шаңдатып,
Той қызғанда, мергендер
Кірісті іске жамбы атып.
Не қылмақшы өзге ойды,
Етер мерген үлгі өзін.
Нысананы көздейді
Қысып қойып бір көзін.
Бәрін бүгін суретке
Бір-бірлеп мен түсірдім.
Ие олар құрметке,
Өздеріне ұсындым.
Таға алады кім айып,
Білмейтіні әлі көп.
Отыр інім мұңайып,
Соқыр екен бәрі, – деп.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі