«Атан жарыс»

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Күтумен сын сағатты,
Қиындықты көп көріп.
Атандарын жаратты,
Тату достар – Бек, Берік.
Қонар кімге бақ құсы,
Ей, ағайын, қараңдар,-
Той иесі – қарт кісі
Тұр айқайлап: Жарандар,-
Кімде қандай сұрақ бар,
Тарту көп салт-дәстүрде.
Болыңыздар құлағдар,
Автокөлік – бас жүлде!
Достар тұрды қатарға әр,
Қызықты бұл көр енді.
Иір мойын атандар,
Тапырақтай жөнелді.
Шаң құндақтап өрісті,
Солқылдайды кең алап.
Көз сорады дөң үсті,
Көзілдірік керек – ақ!
Айқай – шуға толы маң,
Топ тізбегі сөгілді.
Әр атанның соңынан
Жапырақ – із төгілді.
Кім алмақшы жүлдені,
Зор мәртебе – ұтқанға.
Бек пен Берік ілгері
Суырылып шықты алға.
Бектің бағы жанды да,
Кетті озып Беріктен.
Атан мініп барды да
Қайтты үйге автокөлікпен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Атан жарыс» өлеңінің авторы кім?

Көмек Ыбрайұлы — осы өлеңнің авторы.

«Атан жарыс» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

«Атан жарыс» өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Көмек Ыбрайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

«Атан жарыс» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері