Өлең, жыр, ақындар

Аялдамадағы алма ағашы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 641
Көшiп келген ауладағы бағымнан,
қолын бұлғап автобусқа ағылған,
адамдарды шығарып сап, күтiп ап
тұрады ол аялдама жанында.
Басындағы жасыл жiбек шалмасын
тоздырады тозаң менен шаң басып...
ерте кезде-ақ топырлаған балдарға
үлестiрiп жiбередi ол алмасын.
Шомылам деп таңның салқын шығына
тоңғаннан соң
дейдi ме екен жылынам –
желмен бiрге желп-желп етiп кей кезде
жүгiредi бiр орнында тұрып ап.
Аңсайды ол құстың әнiн – саздарды,
дiрiлдейдi ол гүрiлiнен «МАЗ»-дардың.
Қиын оған,
қиын оған тап қазiр
ауа орнына иiсiн жұту газдардың.
Тас лақтырса бiр тентек кеп тасынып,
жерде жатар жапырағы шашылып.
Сындырардай бұтақтарын қайырып
жатады оған мастар келiп асылып.
Жалғыз қалсаң соққы көру қиын ба?!
Ең алдымен соны сiлкiр құйын да...
Не десең де мынау шулы көшеде
тұру оған бүгiнде ендi қиындау.
Содан ба екен одан көздi ала алмай
қарай берем,
қарай берем алаңдап, –
бәрiн тастап, автобусқа ол
бiр күнi
мiне салып, мүлде кетiп қалардай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аялдамадағы алма ағашы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Аялдамадағы алма ағашы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Аялдамадағы алма ағашы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аялдамадағы алма ағашы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері