Өлең, жыр, ақындар

Әнші

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Гүлi құсап мынау тiрлiк, өмiрдiң,
әнiн айтып туған жер мен елiңнiң
бұлғақ қағып
микрофонды қолыңа ап
шыға келдiң экраннан көгiлдiр.
Дәл осы сәт –
жалын оттан жаралған
сен шыққанда жанды қанша жаңа арман,
қаладағы автобустар бос қалып,
көшелерде кеттi азайып адамдар.
Сен шыққан соң
демiгiп бiр кезекпен
әнмен ғана дем алып тұр қос өкпем.
Дәл осы сәт бүкiл елде
бiлем мен
күрт кемiдi бос сөздер мен өсектер.
Ал сен болсаң
болашаққа шөлдеген,
саулық тiлеп
орман,
көлге,
жерге де
микрофон – рюмканы қолыңа ап
тост көтерiп тұрғандайсың әнменен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұры заман

  • 0
  • 0

Жақсылыққа,
жарыққа жылымаған,
ниетi нас,
сөзi нас,

Толық

Құдайдың ұрғаны-ай!

  • 0
  • 0

«Ешкiнi апа,
Текенi жезде» дегiзген
Замандар болған.
Қоңыздай тоңқаңдап,

Толық

Мен сондай болдым

  • 0
  • 0

Елiмдi
Ел етемiн деп,
Жерiмдi
Кеңейтемiн деп

Толық