Өлең, жыр, ақындар

Арыстан

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5086
Бұрқыраған жалы қандай!
Бас қандай!
Оның пысы басады тау басқандай.
Кімге деме,
Шақырайған күнге де
Тесіледі кірпік қақпай,
Жасқанбай!
Бар даусымен бір ақырса жарайды:
Аң базары,
Құс базары тарайды.
Дүниеге ол
Маңғаз әрі тәкаппар
Көкжиекке қарағандай қарайды.
Жемейді ол ажалынан өлгенді,
Жемейді ол қорқаулардай көмгенді.
Масқара деп есептейді — өзі үшін
Құрбаныңа ық жағынан келгенді!
Су жүректер қашса қашсын дүркіреп!
Алады ол күннен жаман күркіреп.
Соқса сарай құлататын төрт аяқ
Дүлей күшті тас тұғырдай тұр тіреп!
Болмайды онда қарсылас та,
Жақтас та.
Болмайды онда бәсекелес,
Бақтас та!
Болат қамшы сияқты анау құйрықпен
Бір қойғанда
Бұрқ етеді көк тас та!
Бұл өмірде бірақ жұмбақ арқау бар.
Бірте-бірте шөгеді екен нар таулар.
Күші қайтса,
Арыстанды түтіп жер
Күші барда жалбақтаған қорқаулар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ит

  • 0
  • 0

Қожасының бұйрығын
Қалт жібермей,
Қалбақтап,
Бұлғаңдатып құйрығын

Толық

Жел

  • 0
  • 1

Өскен бірге далада
Таптырмай дос-адасы,
Жүрді шулы қалада
Жаздың желі адасып.

Толық

Шарайна мен Шүберек

  • 0
  • 0

Қарамай тіпті өзіне
Көрікті түгіл албасты,
Кір жұғып мөлдір жүзіне,
Айнаның бетін шаң басты.

Толық

Қарап көріңіз