Өлең, жыр, ақындар

Үшқоңыр – алтын бесігім

Үшқоңыр –алтын бесігім
Үшқоңыр Алатаудың етегінде.
Бала ойнаған қуысып жетегінде.
Ақыныңда кемеңгер батырыңда,
Нәр алған туған жерден көсеміңде.

Үшқоңыр ақындардың жыр бесігі.
Қазақтың мәңгі жырлар сыр есілі.
Даңқты ұлмен,шежірелі ғұмырмен,
Тарихта қалар Шамалғанның есімі.

Ауыл бар Алатауға орын тепкен.
Қорғап мәңгі тұратын тәңір көктен.
Адамы бар силайтын бірін-бірі,
Көңілдері жақұттай мәңгі көктем.

Елі де бар сіз-біздері жарасқан.
Дұшпан мен дос қызығумен қарасқан.
Күндіз күлкі ойын-сауық думанмен,
Ал кешқұрым бірлік айтып тарасқан.

Үшқоңыр елбасының өскен жері.
Бала шақта асыр салып төккен тері.
Батырлықты тауларынан үйреніп,
Болса керек елін қорғар нағыз ері.

Үшқоңырдың шыңдарынан нәр алған.
Шамалғанның топырағынан жаралған.
Сірә,біздің Нұр ағаның өзінде,
Бар ма екен балалықтан бір арман



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер