Аппақ-аппақ қояндай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Аппақ-аппақ қояндай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2918
Өлең басы бісміллә деп айтады,
Жаратымсыз жаман сөз не айтады, сәулем-ай.
Бәрімізді жаратқан Жаппар Құдай,
Құдайды айтпай әуелі не айтады, сәулем-ай.

Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай.

Өлең айтқым келмейді ерінгенде,
Бойым байсал тартады керілгенде, сәулем-ай.
Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Тақияның төбесі көрінгенде, сәулем-ай.

Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай.

Өлеңімді айтамын өрнекпенен,
Ол да ғұмыр жақсыны көрмек деген, сәулем-ай.
Жабы, жүйрік әр жерде жатыр толып,
Жарым кезден жаясы сербектелген, сәулем-ай.

Аппақ, аппақ қояндай,
Тасқа жаққан бояудай,
Жасымда айтқан өлеңді,
Қартайғанда қоям ба-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері