Өлең, жыр, ақындар

Ащы

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3885
Түз желіне желбіреткен тұлымын,
Тұзды жердің, тұзды судың ұлымын.
Өтіріктің алдында мен патшамын,
Ал бірақ та ақиқаттың құлымын.
Түгім де жоқ тындырған, не қиратқан,
Кен іздеймін қыраттар мен бұйраттан.
Тұзды жердің ұлымын мен
Туғанда
Тұзды сумен сәби тәнін ширатқан.
Өтірік сөз келтірген жоқ аз шығын.
Өткірлігін сыйлаймын мен басшының.
Тұзды жердің,
Түйелі елдің ұлымын,
Түйелердей жақсы көрем ащыны.
Ащы шақ боп қонатұғын шашқа шаң
Тұзды жердің табиғаты басқаша.
Тұздалған ет базданбайды тамызда,
Тұзды қазы борсымайды ешқашан!
Қылымсуға жаралмаған қыз өнер.
Қыз өнердің қасиетін тізе бер.
Өлең болып жарыта ма, ағайын,
Өлеңіңнің татымаса тұзы егер!
Кейбіреуге тұздың зары өткен бе,
Келетұғын жақыннан да,
Шеттен де.
Ашырқанып,
Қышырқанып жалайтын
Малдың өзі тұз іздейді көктемде.
Тұз боп жырға дем беремін,
От берем..
Тұз ұлы боп өмірімді өткерем.
Дүниенің ең ащысы — ақиқат,
Ақиқатты қалай ғана жек көрем?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келген кезде қара бұлттың шабыты

  • 0
  • 0

Келген кезде қара бұлттың шабыты,
Нұр жуады көк аспанның мауытын.
Құмның алып тасбақасын көргенде
Елестетем батырлардың сауытын.

Толық

Сенбілік

  • 0
  • 0

Құрыстаған қыр-дала
Қарын сілкіп тастады.
Сыпырғыш пен тырмалар
Сенбілігін бастады.

Толық

Ноян қоян

  • 0
  • 1

Қоян деген мықты
Саяхатқа шықты.
Поезға кеп мінді,
Көп ішіне сіңді.

Толық

Қарап көріңіз