Қазақтық Қаныш-аға жер иесі – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Қазақтық Қаныш-аға жер иесі» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Данаға асыл теңеу келер бейім,
Шындық сол шырай бұзбай сенер зейін.
Қазақтық Қаныш-аға жер иесі,
«Сүлеймен – су иесі» – дегендейін.

Қайырмасы:
Бар қазақтың ұланы,
Баянауыл қыраны.
Түн жұлдызын ашқанда,
Жүзі жайнар аспанда,
Ардақтаймыз арысты
Жер иесі Қанышты.

Көз салсақ теңіз-дала бел, белеске,
Бәрі де ата-баба жері емес пе?!
Солардың арасынан жез-кемедей,
Жезқазған Қанышты айтсаң келеді еске.

Қайырмасы

Таңданса беу, қазағым, ғасыр саған,
Кен қайда, кең даламда ашылмаған?!
Кестелеп ен байлықты дестелеген,
Қаныштай әлемге әйгі асыл данаң.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері