Өмір - өлең (аударма) – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Өмір - өлең (аударма)» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сөзі: Мухаммед Алидікі
Аудармасы: Кәкімбек Салықовтікі

Өлең жазсам өмірім өңденеді,
Жарылқайды, жақсы жыр дем береді.
Асыл жарым, ардақты достарыммен,
Туған елге құштарлық, меңгереді.

Қайырмасы:
Өмір – шабыт шалқыған өмір – өлең,
Жыр ұялап, ән баурап тебіренем.
Гүл тілдесіп, тал ойнап, жел сипаса,
Ел шетінде жол тосқан сені көрем.

Туған жерсіз демімді ала алмаймын,
Онсыз жүдеп қақ жолда қалардаймын.
Күні сұлу, аспанда Айы сұлу,
Туған жерге еш теңеу таба алмаймын.

Қайырмасы

Елжіресін, жүрегім елжіресін,
Өлең – өмір ішінде сен жүресің.
Қарсы алдымда жарқ етші, көп аңсатпай,
Махаббаттың жалауы желбіресін.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері