Ақ жаңбыр – Ермек Өтетілеуұлы

Бұл бетте «Ақ жаңбыр» атты Ермек Өтетілеуұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.

Тырс-тырс!
Ақ жаңбыр жауады,
Тамшылар тамады.

Тырс-тырс!
Терезе қағады,
Жылғалар ағады.

Тырс-тырс!
Жапырақ жылайды,
Жардан су құлайды.

Тырс-тырс!
Шаң-тозаң шайылды,
Шатырлар шайынды.

Тырс-тырс!
Көшелер тазарды,
Кір үйлер ағарды.!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері