Ұйқыдан теңіз оянып – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Ұйқыдан теңіз оянып» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2564
Жаздың жайлы бір кеші еді,
Жағаны ымырт жайлаған.
Сусылдап толқын еседі,
Жұпар иіс бүркіп айналам.
Жаздың жайлы бір түні еді,
Теңіздің үсті мұнартқан.
Құздарға бұлт кеп түнеді,
Қашаннан жаны құмартқан.
Жаздың бір жайлы ертеңі,
Шығыс жақ нұрға бөленген.
Далаңыз ғажап ертегі,
Жаралған бейне өлеңнен.
Ұйқыдан теңіз оянып,
Бусанып тұрып керілді:
Арайға беті боялып,
Жағалау шыққа көмілді.
Қоян-қолтық алысып,
Мәз болып қалды жадырап.
Жағадан жұлқып қалысып,
Шуласып кетті жамырап.
Жай тауып жаның қалатын,
Не жетсін кешкі сейілге.
Көлбете жайып қанатын
Жартастар қалды кейінде.
Келемін жылжып ілгері,
Толқынмен ойнап сұр қайық.
Қалғандай артта жыр легі,
Шығарып салып мұңайып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері