Өлең, жыр, ақындар

Жеке шумақтар

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 2126
Бір кеудеде үміт-күдік, әр талап.
Келем тынбай соны ұдайы арқалап.
Өмір жолы біркелкі емес, біл соны,
Кейде түзу, кейде терең жарқабақ.
* * *
Күй боп тасып, тулап жатқан кеудеде.
Бір ағын күш бар еді ғой менде де.
Махаббатпен уланса егер бұл жаның,
Дауасы жоқ, әуреленбе, емдеме.
* * *
Оянса егер көкейінде жас арман,
Кезім деп біл, оны да бір жасарған.
Ғасырлардың арқалаған салмағын,
Батырға ұқсап қаласың бір қасарған.
* * *
Өтер жастық, келмес қайта оралып,
Өтер күлкі, өтер қайғы, ол анық.
Өтер бәрі, шын махаббат мызғымас,
Қалғанынша жер көрпеге оранып.
* * *
Сырыңды көзіңнен түсінем,
Тау құлайды білек күшінен.
Таудан биік көңілім құлады,
Махаббат тамшысын ішіп ем.
Үнсіздік қана билесе бір сәт тау ішін,
Ызындап баяу жел әлдилеп даланы.
Әсем ырғақ наздана созып дауысын,
Деміккен өзен сылқ түсіп құлап ағады.
Мұрныңды жарса хош иісі балғын гүлдердің,
Кеудеңе басып, сүйсіне қарап қаласың.
Көрсем гүлді қолынан мен кімдердің,
Ойлап қалам, аңсайды-ау деп,
еркін өскен даласын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Марқакөл

  • 0
  • 0

Көрген де, көрмеген бар Марқакөлді,
Атын естіп құштарым арта келді.
Алтайдың алтын арай ару көлі,
Алыстан арбап мені тарта берді.

Толық

Тұлпар

  • 0
  • 0

Көңілім, табалмасам қалауыңды,
Азайтпа, өршіт кайта алауыңды.
Тұлпар өлең тұяқтан от шашар ма ең,
Жүрмін бе келтіре алмай жарауыңды.

Толық

Көгілдір өлке, көк Дунай

  • 0
  • 0

Тарт, Шамша,
Өрге қарай аттың басын,
Көк Дунай бізді бүгін жатсынбасын.
Қайтайық желқайықпен желе жортып,

Толық

Қарап көріңіз