Біз қазақпыз, азатпыз – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Біз қазақпыз, азатпыз» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкшетау мен Алатаудың арасын
қара Ертіс пен Ақ Жайықтың жағасын
Жалғап жатқан қараңдаршы, тәуелсіз,
қазағымның ұлан байтақ даласын.

Қайырмасы:
Түркі тектес тіліміз,
Алты Алаштың біріміз.
Тайталасқан тағдырмен,
Жетті әлемге үніміз.
Әл-Қисса,
Біз қазақпыз,
Біз қазақпыз, азатпыз.

Бар сырымды байқа менің көзімнен,
Жарқ етеді ақ боталы боз інген.
Ертеңім бар, ерке туған қазақпын,
Кең даласын алтын Орда сезінген.

Қайырмасы

Кербез дала, байтақ атамекенім,
Көз тартады сенің шексіз екенің.
Сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтасын,
Сонда аңсаған арманыма жетемін.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері