Еңбектегің келеді – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Еңбектегің келеді» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1492
Еңбектегің келеді,
Талпынасың,..
Бір сүйемге жетпейді-ау әр құлашың...
Тіршіліктің иесі-ау, қызығамыз,
Бақадай тырбаңдаған қалпыңа шын...
Қызық болар қалтаңдап жүрген мүлде,
Неше түрін көрсеттің күлгеннің де.
Құртақандай менің сол, тынымсызым,
Адам болып келесің күннен күнге...
Уілдейсің үн қатып,
Сөйлегенге,
Тіреліп тұрғандай-ақ ой кемерге.
Қос саусақты жүгірте берме ауызға,
Түсінесің сен қашан «қой» дегенге...
Кел... келе ғой,
Ал енді жыладың ба...
Не қалайсың...
Қызық-ау сұрағың да...
Қойшы, күнім, бір жаққа шыға қалсам,
Үнің тұрар шырқырап құлағымда...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері