Бұл не саған! Түк емес
Бұл бетте «Бұл не саған! Түк емес» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл не саған! Түк емес,
Шындық емес, сыр емес.
Көргендерің өңіңде,
Түсте көрсе – бір елес.
Бердім саған келісім,
Сен де келіс мен үшін.
Шалшықта, әне, жүзіп жүр
Қалпағым мен кебісім.
Бөлісемін қайғымды
Күйбеңіммен жай күнгі:
Күйіп өлген кісі жоқ –
Күлмей-ақ қой кісінеп.
Соған бола мен егер,
Азап шексем – сене бер.
Кебіс жүзген шалшықта
Жүзе алмады кемелер.
Сенің жалғыз жүрегің,
Менің жалғыз білерім:
Екеумізде екі жол,
Бірақ бәрі – бір өмір.
Кеттім дедің – кете бер,
Өттім дедің – өте бер.
Өкінішім болса егер
Өзім бармын көтерер!
Ershat
Мықты керемет ұнады