Жақсылық ұзақ тұрмайды – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Жақсылық ұзақ тұрмайды» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.03.2019
  • 0
  • 1
  • 32300
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды.
Үміттің аты елеріп,
Қос тізгінді созбайды.
Қанша тепкі салсаң да,
Уайымнан озбайды.
Бір қайғыны ойласаң,
Жүз қайғыны қозғайды.
Жер қорығыш желгек шал
Желіп жүріп боздайды.
Құрсаған бұлт ашылмай,
Аспанның жүзі көгермес.
Үрпейген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елермес.
Шырайды қайғы жасырмай,
Күлкінің ерні кезермес.
Шыдасаң есті қашырмай,
Құлдатып, қор қып жібермес.
Кез келсе қайғы қат-қабат,
Қаңғыртпай қоймас адамды.
Қасиетсіз туған — о да жат,
Күңкілдеп берер сазаңды.
Бәрінен де сол қымбат,
Қайтерсің өңкей наданды.
Сыпыра батыр сұм құрбәт
Мақтанмен алды мазамды.


Пікірлер (1)

Саламат Ержігіт

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері