Оңаша ойға қалдым – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Оңаша ойға қалдым» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 963
Оңаша ойға қалдым,
Сабырды қайдан алдым?
Көзіңді көремін деп,
Сен барған «тойға» бардым.
Берді әсер кімге, нендей,
Күлді «әйел» күндегендей.
Отырдым өз ойыммен,
Ештеңе білмегендей.
Мұнартып жарқын күнің,
Былай ғап бар тірлігің.
Қайран қып сені өртеді,
Ыза қып салқындығым.
Паналап, келер, келдім,
Саясын көлеңкеңнің.
Өшкен соң сенің өртің,
Оңаша мен өртендім.
Серпіп ой, мұнар бұлтын,
Биіктен құлар бір күн.
Бұл өртім саған деген,
Өшпейтін шығар мүмкін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері