Сағат – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сағат» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2933
Сағат, сағат, тоқтап қалдың сен неге,
Тұрсың үнсіз ақын жатқан бөлмеде.
Сеніменен бірге тоқтап қалыпты,
Қайран жүрек соқпай кәрі кеудеде.
Якуб Колас сеніменен түн қатты,
Сені бұрап сыңғырлатып жырлатты.
Бар даусымен оқып жазған өлеңін,
Оңашада бір өзіңе тыңдатты.
Ақынға ажал тартты бір күн садақты,
Содан бері талай-талай таң атты.
Үмітті боп жүріп кетпес пе екен деп,
Қолыма алып тыңдаймын сол сағатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағат өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Сағат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері