Алатау – Иса Байзақов

Бұл бетте «Алатау» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 5431
Бұлт буған басыңды, қарлы Алатау,
Бір заманда қайғылы, зарлы Алатау.
Қойныңа жезтырнақтың қолын салып,
Сұмырай сорған сүтіңді, шерлі Алатау.

Қайырмасы:
Асқақтаған Алатау,
Бауырың толған бақша-бау.
Май айында майысып,
Жұпар исің аңқиды-ау.

Мұзың күміс, суың бал, тасың мыстан,
Таудан бұлақ ағады-ау алтын құсқан.
Қызыл туың желбіреп, желкілдетіп,
Қоныс алды іргеңнен Қазақстан.

Қайырмасы:
Салаң салқын кең жайлау,
Бұлақ аққан мың тарау,
Алма, миуаң жетіліп,
Бұлбұл құсың сайрайды-ау.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері