Алыстық жолы араның – Ақұштап Бақтыгереева‎

Бұл бетте «Алыстық жолы араның» атты Ақұштап Бақтыгереева‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 4937
Алыстық жолы араның
Қалды ма бөгеп қапыда?
Кешігіп жетті хабарың
Жолдаған менің атыма.
Хат алдым, бойдан әл кетті,
Қайдан күш тауып оқырмын.
Ашпастан аппақ конвертті
Баурыма басып отырдым.
Қинаса керек шын зарлық,
Мөлдіреп көзден жас тамды.
Өзіңе деген іңкәрлік
Осы бір сәттен басталды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері